425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швецияда індетке байланысты жаңа шектеу енгізілді

  • 57
  • UPD: 09:49, 17.11.2020
Швецияда індетке байланысты жаңа шектеу енгізілді

Швецияда COVID-19 вирусының өршуіне байланысты билік жаңа шектеу шараларын қолға алды.

Енді сегіз адамнан көп жиналатын шараларды өткізуге тыйым салынады. Бұл мәдени және спорттық іс-шараларға да қатысты. Жалпы скандинавиялық мемлекетте соңғы уақытта тәуліктік індетті жұқтыру дерегі көбейген. Айта кетейік, Швецияда наурыз айында індеттің таралуын бақылауға алу үшін 50 адамнан артық жиналуға тыйым салынған еді. Ал жазда 300 адамның жиналуына рұқсат берілген болатын.

Хабар 24 телеарнасы