424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пәкістанда жаңа шектеу шаралары енгізілді

  • 40
Пәкістанда жаңа шектеу шаралары енгізілді

Пәкістан билігі аймақта коронавирус індетінің ушығуына байланысты жаңа шектеу шараларын енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан былай елде халық көп жиналатын діни жиындар мен митингтер ұйымдастыруға тыйым салынды. Бұл туралы ел премьер-министрі Имран хан телеүндеуінде жариялады. Аймақта төртінші күн қатарынан вирус жұқтыру дерегі бойынша антирекорд орнауда. Ел аумағы бойынша 359 мыңнан астам адам инфекция жұқтырса, оның 7 мыңнан астамы осы кеселден көз жұмды.

Имран Хан, премьер-министр:

– Елде вирустың таралуы қарқын алып барады. Сондықтан халық көп жиналатын кез келген іс-шараны ұйымдастыруға тыйым салынады. Соңғы 10 күн ішінде індет жұқтырғандардың саны 4 есеге артты. Жағдай ушығатын болса, ауруханаларда бос орын қалмауы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы