422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та карантин талаптары күшейтіліп жатыр

  • 61
  • UPD: 14:16, 17.11.2020
АҚШ-та карантин талаптары күшейтіліп жатыр

Демократ Джо Байден «Ризашылық күні» мерекесін әр адам өз отбасы мүшелерімен тойлағаны дұрыс дейді.

Саясаткер америкалықтарды мейрам кезінде барлық сақтық шараларды қатаң ұстануға шақырып отыр.

Айта кетейік, бүгінде АҚШ – вирус жұқтыру дерегі бойынша әлем елдері арасында бірінші орында тұрған ел. Елдің бірнеше штаттары өз аймағында карантин талаптарын қатаңдатып жатыр. Таяуда Калифорния билігі де көптеген кәсіпорындар мен мектептердің жұмысын тоқтатты. Жаңа ережеге сәйкес Калифорния тұрғындары маска тағып жүрулері керек.

Хабар 24 телеарнасы