424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда COVID-19-ға қарсы жаңа вакцина шығармақ

  • 40
  • UPD: 15:54, 17.11.2020
Үндістанда COVID-19-ға қарсы жаңа вакцина шығармақ

Үнді ғалымдары коронавирусқа қарсы жаңа вакцина шығаруға кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәріні Bharat Biotech атты биотехнологиялық компания өндіруде. Екпенің өзгелерден ерекшелігі: адамға егу кезінде инелі шприц қолданылмайды.

Мамандар: «Препарат мұрынға тамызылады», – дейді.

Компанияның басқарма төрағасы Кришна Элланың айтуынша, вакцина 2021 жылы шығуы тиіс. Қазір ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Ал әзірге Bharat Biotech компаниясы коронавирусқа қарсы өндірген өзге препаратты сынаудың үшінші фазасына кірісіп кетті. Шараға шамамен 26 мың ерікті тартылды.

Хабар 24 телеарнасы