422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Перуде бір аптада үш рет ел президенті сайланды

  • 70
  • UPD: 15:55, 17.11.2020
Перуде бір аптада үш рет ел президенті сайланды

Перуде өткен аптадан бері үшінші рет ел президенті сайланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы парламент мемлекет басшысы етіп депутат Франсиско Сагастиді таңдады. Оған конгрессмендердің басым бөлігі қолдап дауыс берді.

76 жастағы Сагасти бүгін ант беру керек. Еске сала кетейік, Перуде қарашаның 10-ы күні елдің бұрынғы басшысы Мартин Викарраға сыбайлас жемқорлыққа барды деп айып тағылып, қызметінен босатылды. Оның орнына президент болып парламент спикері Мануэль Мерино сайланды. Бірақ елде наразылық шерулері басылмай, Мерино өткен жексенбі күні қызметінен бас тартқан еді.

Хабар 24 телеарнасы