422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

SpaceX компаниясының кемесі ғарыш станциясымен сәтті түйісті

  • 60
  • UPD: 20:54, 17.11.2020

Американдық «СпейсЭкс» компаниясының «Крю Дрэгон» ғарыш кемесі халықаралық ғарыш станциясымен сәтті түйісті.

Кеме ғарыш орталығына 3 америкалық және бір жапондық ғарышкерді жеткізді. Мамандар стансада 6 ай болады.

Айта кетейік, «СпейсЭкс» компаниясы халықаралық айлаққа осымен екінші рет ғарышкерлерді жеткізіп отыр. Алдыңғы сапар көктем айында болды. Ол кезде «Крю Дрэгон» станцияға екі американдық ғарышкерді аман-есен жеткізген еді.

Хабар 24 телеарнасы