423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Канадада коронавирустан қорғайтын шлемдер сатылымға түсті

  • 70
  • UPD: 16:38, 17.11.2020
Канадада коронавирустан қорғайтын шлемдер сатылымға түсті

Қорғаныш шлемдері бас пен дененің үстіңгі бөлігін жауып тұрады.

Электр қуатымен жұмыс істейтін шлем ауаны тазартуға арналған жүйемен қамтамасыз етілген.

Канадада VZYR Technologies компаниясы коронавирустан қорғайтын шлемдерді шығара бастады. Бұл туралы BBC хабарлайды.

Шлемнің атауы – BioVYZR. Батареяның қуаты 12 сағатқа жетеді. Мұндай қорғаныш шлемді алдын ала тапсырыспен 379 долларға сатып алуға болады.

Езин Аль-Кайси екі айдан бері өзі ойлап тапқан осы құрылғыны пайдаланып жүр. Бұл шлем бас пен дененің жоғары бөлігін толықтай жабады.

Ал панельдің артқы бөлігінде батареядан қуат алатын желдеткіш пен ауаны тазартатын фильтр бар.

Хабар 24 телеарнасы