423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемде коронавирус жұққан алғашқы науқастың анықталғанына бір жыл болды

  • 77
  • UPD: 18:32, 17.11.2020

Әлем бойынша ең бірінші болып коронавирус жұқтырған науқастың анықталғанына бір жыл болды. Былтыр 17 қарашада Қытайдың Хубэй провинциясының 55 жастағы тұрғыны вирус жұқтырып, дәрігерге қаралған.

Сарапшылардың пайымдауынша, артынша індет одан өзгелерге тараған. Көбі ер адамды «нольдік пациент» деп атайды. Дегенмен, мамандар «осы күнге дейін нольдік пациент нақты кім екені белгісіз» дейді. Былтыр желтосқанның соңында Қытайда эпидемия ушығып, биыл қаңтарда әлемнің өзге елдерінде де індетті жұқтыру деректері тіркеле бастады. Сөйтіп, осы күнге дейін 55 миллионнан аса дерек расталды. Бір миллион 300 мыңнан аса адам індетпен күресе алмай көз жұмды. Ал біздің елімізде алғашқы дерек жайлы биылғы наурызда белгілі болған еді.

Хабар 24 телеарнасы