422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Делиді қайтадан түтін тұмшалады

  • 73
  • UPD: 17:38, 17.11.2020
Нью-Делиді қайтадан түтін тұмшалады

Үндістан астанасы Нью-Делиді тағы да қою түтін тұмшалады. Ауадағы зиянды заттардың мөлшері қауіпті межеден асып кеткен. Жалпы Нью-Дели әлемде ауасы ең лас қалалардың бірі саналады.

Оның бірнеше себебін айтуға болады. Мұнда көмірмен жұмыс істейтін электр стансалары бар. Көлік көп. Шаһардағы экологиялық ахуал әсіресе қазан мен қараша айларында ушығып кетеді. Өйткені бұл уақытта фермерлер егіс алқаптарында қалған масақты өртейді. Ол аздай Дивали мерекесіне орай халық отшашу атады. Бұл ретте биыл билік оған тыйым салды. Бірақ соған қарамастан өткен аптаның соңында жұрт көптеп петарда атқан. Салдарынан Нью-Делиді қою түтін басты. Биліктің биыл шектеулер қоюы бекер емес. Өйткені дәрігерлер ауаның ластануы коронавирус жұқтырған адамдардың ауруын асқындырып жіберуі мүмкін екенін ескертіп отыр.  

- Тыныс алуымыз қиындап кетті. Көзіміз ашиды. 

- Кеше жаңбыр жауып, түтін аз да болса сейілген еді. Қазір жағдай қайтадан ушығып кетті. Сондықтан маска тағып жүруге мәжбүрміз.

Хабар 24 телеарнасы