423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израиль вируспен күресте террористерге қолданған айланы іске асырмақ

  • 81
  • UPD: 22:57, 17.11.2020

Израиль коронавирус індетімен күресті әскерге тапсырды. Расында да бұл әскери операцияға ұқсас. Көзге көрінбесе де өте қауіпті. Коронавируске қарсы шыққан израильдік әскерилердің бас штабына барып қайтқан еді. 

Бұл Алон орталығы деп аталатын пандемиямен күрес бойынша жалпыұлттық штаб. Бұнда төтенше жағдайларға дайындығы ең жоғары әскери құрылым шоғырланған. Індет басталғалы үкімет коронавируспен күресті осы әскерилерге тапсырған болатын. Басты мақсат барлық мекемелердің іс-қимылын бір жүйеде үйлестіру.

Штабтың екінші қабатында түсіруге болмайды. Мұнда барлау қызметі орналасқан. Оның міндеті эпидемиологиялық тергеу жүргізіп, науқастардың жүріс-тұрысы мен қатынасқан адамдарын анықтау. 

Шуки Бери, індетпен күрес жөніндегі әскери штабтың жетекшісі:

- Бір жағынан бұл біздің лаңкестерді аңдығандағы қимылымызға ұқсас. Алайда мұнда біз содырлар емес, ауруды жұқтырғандардың ізіне түсеміз. Дерттен қайтыс болғандар саны өте көп. Соғыстың өзінде осыншама адамнан айырылып көрген жоқпыз. 

Төменгі қабатта барлық қызметтердің қимылын үйлестіретін орталық орналасқан. Мұнда полиция, жедел жәрдем, жергілікті билік пен денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері отырады. Барлық шешімді бірлесіп қабылдайды, дегенмен эпидемиологтардың пікіріне басымдық беріледі. 

Феликс Тотан, жедел жәрдем қызметінің өкілі:

- Қай жерден бізді жиі шақыратыны жүйемізде көрініп тұрады. Осы мәліметпен бірден бөлісеміз және басшылық шешім қабылдайды. Бұл ауданға қосымша күш жібереді немесе тіпті оқшауға алып, қызыл аймақ деп жариялайды. 

Әскерилер сондай-ақ медициналық орталықтарды қажетті заттармен қамтамасыз етіп, қарттар үйлеріне азық-түлік жеткізу ісімен айналысады. Керек болған жағдайда көшелерде кезекшілік етіп, оқшауландырылған аудандардағы бекеттерді күшейтеді.

Автор: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы