425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данияда қаракүзен өсіруге тыйым салынды

  • 74
  • UPD: 20:47, 17.11.2020
Данияда қаракүзен өсіруге тыйым салынды

Данияда жануарларға жаңа қауіп төнді. Бұл жолы әңгіме құстар жайлы.

Билік 25 мың тауық балапанының көзін жою шешімін қабылдаған. Өйткені жергілікті фермалардың бірінде құс тұмауы өршіген. Жалпы қазір мұндай жағдайлар Еуропаның өзге елдерінде де тіркеліп жатыр. Мәселен, немістің Рюген аралында 16 мың күркетауықтың көзі жойылатын болды. Құс тұмауы сондай-ақ Франция мен Ұлыбританияда тіркелген.   

Дания ветеринария және азық-түлік өнімдерінің басқармасы:

«Еуроодақтың құрамына кірмейтін елдерге құс еті мен жұмыртқа экспортталмайды. Бұл шешім кемі 3 ай күшін жоймайды. Құс тұмауының адамға жұғу оқиғалары тіркелмеді. Дегенмен сақтықта қорлық жоқ». 

Қарашаның басында осы Данияда 17 миллионнан аса қаракүзеннің көзін жою шешімі қабылданған еді. Өйкені олардан коронавирустің мутацияға ұшыраған жаңа түрі анықталды. Мамандар ол адамға жұғып антиденелердің қалыптасуына кесірін тигізетінін айтқан. Сол себепті жергілікті фермалардағы бүкіл қазакүзеннің көзі жойылатынын жеткізді. Алайда артынша билік мұның асығыс шешім болғанын мойындады. Енді мұнда жануардың бұл түрін өсіруге уақытша тыйым салынды. Ол шектеу 2021 жылдың соңына дейін күшін жоймайды.

Айта кеткен жөн, Дания қаракүзен терісін ең ірі экспорттаушылардың бірі саналады.

Хабар 24 телеарнасы