423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде ауаның ластану деңгейі артты

  • 81
  • UPD: 19:43, 17.11.2020
Ресейде ауаның ластану деңгейі артты

Ресейдегі экологиялық ахуал алаңдатарлық. Көрші елде ауаның ластану деңгейі соңғы 16 жылдағы ең үлкен көрсеткішке жеткен.

Мамандар оның бірнеше себебі барын айтады. Мәселен, жыл басынан бері елде өндіріс орындарында онға жуық ірі апат болған. Салдарынан атмосфераға бөлінетін зиянды заттар мөлшері көбейген. Сондай-ақ бірнеше кәсіпорында өрт тіркелді. Негізі әлемнің бірқатар елінде карантинге байланысты экологиялық ахуал жасқарған еді. Алайда Ресейде жағдай өзгешелеу болған сияқты. Мұнда негізгі өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысын жалғастырған.

Сарапшылардың айтуынша, барлық назар коронавирусқа ауып, экологиялық талаптарға көп көңіл бөлінбесе керек. Осылайша қазір көрші елде ауасы ең лас өңірлердің үштігіне Самара және Орынбор облысы мен Бурятия кіріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы