425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швецияда коронавирус кісі өлімі бойынша аурудың үштігіне енген

  • 51
  • UPD: 11:08, 18.11.2020

Қатаң карантин шараларынан бас тартып келген Швецияда коронавирусқа қатысты көрсеткіш көңіл көншітпей отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда коронавирус кісі өлімі бойынша үштікке енген. Бірінші орында – жүрек және қан айналымы аурулары. Кісі өлімінің екінші себебі – онкологиялық аурулар. Ал үшіншісі – коронавирус.

Айта кеткен жөн, Еуроодақ елдерінің ішінде қатаң карантиннен бас тартқан жалғыз мемлекет – Швеция. Билік ұжымдық иммунитетке сеніп, экономикалық қиындықтарды болдырмауға тырысқан. Алайда таяуда елдің бас эпидемиологы «Швед моделінің» тиімсіздігін мойындады. Қазір мұнда вирусты жұқтыру деректері көрші елдермен салыстырғанда, әлдеқайда жоғары болып отыр. Осы ретте билік шектеулер енгізе бастады. Мәселен, келесі аптадан бастап іс-шаралардағы 8 адамнан артық жиналуға болмайды.

Хабар 24 телеарнасы