423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда дәрігерлер он жастағы балаға операцияны музыкамен жасады

  • 89
  • UPD: 09:52, 18.11.2020
Италияда дәрігерлер он жастағы балаға операцияны музыкамен жасады

Италияда он жастағы баланың жұлынындағы қатерлі ісікке операция жасау кезінде дәрігерлердің бірі пианинода ойнады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Емдік музыка баланың отаны жеңіл өткізуіне көмектесті.

Күрделі операция 4 сағатқа созылды. Оны нейрохирург Роберто Триньяни жүргізді. Қалған дәрігерлер баланың миын монитор арқылы бақылап, музыка тоқтаған сәтте оның әуенді тыңдап жатқанын байқады. Мамандардың айтуынша, қазір баланың халі жақсы. Бірақ алда тағы бір операция жасалуы мүмкін деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы