425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда коменданттық сағат жарияланды

  • 118
  • UPD: 15:30, 18.11.2020

Түркияда коронавирус індетінің өршуіне байланысты коменданттық сағат жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы ел президенті Режеп Тайып Ердоған хабарлады. Оның айтуынша, елде тек таңғы оннан кешкі сағат сегізге дейін үйден шығуға рұқсат. Сонымен қатар 65 жастан үлкен және 20 жастан кішілерге тысқа шығуына шектеу қойылды. Қоғамдық орындар, сауда орталықтары, дүкендер, шаштараз бен сұлулық мекендері тек таңғы 10-нан кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істеуі тиіс. Мейрамхана мен дәмханалар тек тамақты өзімен алып кету қызметі бойынша ғана жұмыс істейді. Сондай-ақ оқушылар мен студенттер жыл соңына дейін қашықтан оқытуға қайта көшті. Спорттық бәйгелер жанкүйерсіз өтіп, спорттық кешендердің жұмысы уақытша тоқтатылды. Кинотеатрлар да жаңа жылға дейін ашылмайтын болды. Ал қауіпті індеттің ең көп тараған жері Ыстамбұлда мұражайлар мен өнер орталықтары белгісіз мерзімге дейін жұмысын тоқтатты. Ресми деректерге сәйкес, соңғы тәулікте Түркияда 3316 коронавирус дерегі тіркелген. Дегенмен бұл көрсеткіш ауру белгілері бар науқастарды ғана қамтыған. Ал елдегі пандемияның нақты деңгейі әлі де белгісіз. Айта кетейік, қазірге дейін елде 421 мыңнан астам адам қауіпті індетке шалдыққан.

Хабар 24 телеарнасы