423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Джерсиде бір күнде төрт мың адам COVID-19 жұқтырды

  • 61
  • UPD: 12:26, 18.11.2020

Джон Хопкинс Университетінің зерттеуі бойынша АҚШ-тың барлық штатында COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы аптадағы дерек бойынша бір тәуліктің ішінде 170 мыңға жуық америкалықтан ауру белгілері анықталған. Әсіресе Вермонт, Миннесота, Айова, Небраска және Колорадо штаттарындағы жағдай мүлдем нашар. Науқастар санының көбеюіне байланысты осы апатадан бастап бірнеше штатта шектеулер күшейе түспек. Ал Нью-Джерси бойынша ауырғандардың саны бүгін 4 мыңнан, ал көз жұмғандар 38-ден асты. Бұл – шілдеден бергі рекордтық көрсеткіш. Осыған орай, бүгіннен бастап Нью-Джерсидегі мейрамханалар кешкі сағат онға дейін жұмыс істеп, қонақтар саны 25-тен 10-ға дейін қысқарады.

Фил Мюрфи, Нью-Джерси штатының губернаторы:

– Нью-Джерсидегі жағдай ушығып барады. Індетпен күресу үшін барымызды салудамыз. Бірақ ең әуелі халықтың өзі сақ болу керек. Бүгін 38 адам қайтыс болды. Тағы 2 мың 600-ден астамы ауыруханаға жеткізілді. Мұндай қиын кезеңде штатты тағы да локдаунға жабуды қаламаймын. Бірақ жағдай түзелмесе, шектеу шараларын қатаңдатуға тура келеді.

Хабар 24 телеарнасы