425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Украинада екі күнде 2 мыңға жуық мекеме карантин тәртібін бұзды

  • 62
  • UPD: 12:03, 18.11.2020

Украина билігі желтоқсанның аяғына дейін жалғасуы тиіс шартты карантинді тоқтатып, ел аумағы бойынша тек демалыс күндері сақталауы тиіс қатаң карантин тәртібін енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сенбі, жексенбі күндері дәріхана, жанармай кұю бекеттері мен азық түлік дүкенінен басқа елде ешқандай мекеме жұмыс істемейді. Алайда Үкіметтің бұл шешіміне бірқатар ірі облыс басшысы құлақ аспады. Салдарынан полиция Украина бойынша екі күнде 2 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды.

14 қарашадан бастап Украина билігі ел аумағы бойынша қатаң сақталуы тиіс демалыс күндегі карантин режимін енгізді. Алайда Львов, Днепр, Тернополь, Славянск және Житомир сияқты ірі қала мен аудандар биліктің бұл бұйрығына бой ұсынбаймыз деп мәлімдеді. Киев қаласының өзінде қатаң режимге қарамастан, көптеген кафе мен мейрамхана және спорт клубтар, сауда орындары, түнгі клуб жұмысын тоқтатпаған. Тіпті кейбір ресторандар полицияға есігін ашпай қарсылық көрсеткен, салдарынан құқық қорғаушылар бірнеше мекеменің ішіне күшпен енуге тура келді.

Денис Шмыгаль, Украина премьер-министрі:

– Карантиндік шектеулер үкіметтің ермегі емес, бұл адамдарды аман алып қалудың жолы. Жоқ дегенде жексенбі күндері әлеуметтік арақашықтық сақталуы тиіс, сонда ғана өршіп тұрған вирустың беті қайтады. Ол үшін жауапкершілік қажет, карантин талабы демалыс күндерінде сақталмаса, одан да қатты талапты енгізуге мәжбүр боламыз.

Үкіметтің карантинге қатысты қатаң талабына қарамастан, Украинаның шағын бизнес кәсіпкерлері жұмысын тоқтатқан жоқ, бірқатар қалада қоғамдық базар да қызметін үзбеген. Екі күн ішінде құқық қорғаушылар рейдке шығып, тәртіп бұзушы екі мыңға жуық мекемеге айыппұл салған, оның ішінде тоғыз мекеменің басшысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Өз кезегінде, Украина тұрғындары, қаладағы кафе мен ресторандар режимге қарамастан қалай заңсыз жұмыс жасағанын айтып берді.

Светлана, қала тұрғыны:

– Қаладағы көптеген мейрамхана жексенбілік карантинге қарамастан жұмысын тоқтатқан жоқ. Жарық сөндірілген, қараңғы және тыныштықта отырып, тамақтандық. Орталық есік ашық тұрмаса да, мейрамханаларға қосымша немесе артқы есік арқылы оңай кіруге болады. Не болмаса әкімшілік сырттағы адамдарды ақырын ғана ішкі кіргізіп ала алады. Жарығы сөндірілген жерде даяшы сүрініп жүріп, жұмыс жасағанын көрдік.

Бір тәулік ішінде Украинада коронавирус жұқтырғандар саны 12 мыңға жуықтаған. Демалыс күндегі карантин режиміне салғырт қарайтын болсақ, вирус бір тәулікте 20 мың адамнан анықталуы мүмкін деп қауіптенеді билік. Мұндай жағдайда, ел аумағы бойынша емханадағы төсек тапшылығы қатты Сезілетін болады, Осы ретте үкімет мобильді госпиталь құруға мәжбүр болмақ.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Петро Борейко

Хабар 24 телеарнасы