424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сомалиде лаңкестік әрекеттен 5 адам мерт болды

  • 53
Сомалиде лаңкестік әрекеттен 5 адам мерт болды Euronews

Сомали астанасы Могадишодағы лаңкестік әрекеттен 5 адам мерт болып, 8 тұрғын түрлі жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жанкешті полиция ғимаратының маңындағы мейрамханада өзін-өзі жарып жіберген. Әзірге оқиғаға қатысты жауапкершілікті ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ. Рейтерс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аймақтағы «Әл-Шабаб» ұйымы Сомали билігіне қарсы жиі лаңкестік оқиғаларды ұйымдастырып отырады. Елдің біраз бөлігіне үстемдік жүргізген ұйым өкілдерінің басты мақсаты – Сомалиде өз мемлекетін құру.

Хабар 24 телеарнасы