Ирак астанасы зымыранмен атқыланып, бір бала қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тағы 5 адам жарақат алды. Елдің қауіпсіздік министрлігінің мәлімдеуінше, лаңкестер үкімет ғимараттары мен шетелдік дипломатиялық өкілдіктер орналасқан жасыл аймақты нысанаға алған. Жеті зымыранның төртеуі осы ауданға түсті. Қазір лаңкестер іздестіріліп жатыр. Шабуыл Бағдадтың шығысындағы ауданның бірінен жасалған.