422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ Ауғанстан мен Ирактағы әскерін қысқартпақ

  • 72
  • UPD: 13:30, 18.11.2020
АҚШ Ауғанстан мен Ирактағы әскерін қысқартпақ

АҚШ келесі жылдың басында Ауғанстан мен Ирактағы әскерінің санын қысқартпақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Крситофер Миллер мәлімдеді. Жоспарға сай Вашингтон Ауғанстандағы жауынгерлер санын 4 жарым мыңнан 2 жарым мыңға, ал Ирактағы сарбаздарын 3 мыңнан 2 жарым мыңға азайтылмақ. Шешім Президент Дональд Трамптың бұйырығына сай қабылданған. Шенеунік бұл қадамнан Американың стратегиялық мүддлеріне еш нұқсан келмейтінін айтады. Алайда кей республикалықтар мен демократтар Трамптың бастамасын сынға алып жатыр. НАТО басшысы Йенс Столтенберге те бұл істе асығыстық қауіпті деген пікірде.

Хабар 24 телеарнасы