Таиланд астанасында билікке қарсы наразылық шеруі өтіп, 41 адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қатысушылар парламент алдына жиналуға талпынып, полициямен қақтығысқа түсті. Шерушілер тәртіп сақшыларына түтіндеткіш құтылар лақтырған.
Наразылық акциясына заңгерлердің конституцияға өзгерістерді талқылауға кірісуі себеп. Шерушілер парламент олардың кей талаптарын қабылдамай қояды деп алаңдайды. Еске сала кетейік, Таиландта толқулар ақпан айынан бері жалғасып келеді. Оған соттың жаңа құрылған оппозициялық партияны таратуы түрткі болды. Халық осыдан кейін елде саяси жүйені өзгертіп, король билігін шектеуді талап ете бастады.