423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Корея коронавирустың таралуын тоқтата алмай отыр

  • 78
  • UPD: 18:44, 18.11.2020

Оңтүстік Корея билігі коронавирустың таралуын әлі тоқтата алмай отыр.

Өткен тәулікте елде 313 коронавирус жұқтыру деректері тіркелді. Бұл – биылғы тамыз айынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Енді ертеңнен бастап Сеул, Кёнги провинциясы және Кванжу қаласында індетке қарсы шаралар күшейтіледі.

Владислав Цой, тілші:

– Ертеңнен бастап ойын-сауық мекемелерінің жұмысы шектеледі. Мысалы, караоке, барларда тамақтануға тыйым салынады. Мейрамханалардағы үстелдерде пластмасса қорғаныс болуы керек. Егер жоқ болса, үстелдер арасындағы қашықтық кем дегенде бір метр болуы керек. Түнгі клубтар жұмыс істейді. Бірақ келушілер саны бір адамға 4 шаршы метр есебінен шектеледі. Ал спорттық іс-шаралар мен діни рәсімдер өткізілген кезде залдар мен стадиондардың тек үштен бірін толтыруға рұқсат етіледі. Десе де бұл шараларды қатаң деп айтуға болмайды. Өйткені Итэвон аймағындағы түнгі клубтарда вирустың жаппай таралуы кезінде барлық ойын-сауық мекемесі жабылған болатын. Бұл өз кезегінде шағын бизнеске үлкен шығын әкелді. Сондықтан кәсіпкерлер биліктен жұмыс істеуге рұқсат беруін өтініп, барлық қауіпсіздік шарасын қатаң сақтауға уәде беріп отыр.

Тұрғындар үшін ережелер өзгерген жоқ. Барлық мекемеде міндетті түрде адамдардың дене қызуы тексеріледі, сонымен қатар әр тұрғын қолын дезинфекциялап, кіреберісте өзі жайлы деректерді жазып, қалдыруы тиіс. Ал маскасыз жүргендер айыппұл төлейді. Қазір ол 100 000 вон, яғни шамамен 90 долларды құрайды. Сонымен қатар масканы дұрыс тағу керек. Егер мұрын немесе ауыз ашық болса, бұл маска режимін бұзу болып саналады. Аузы мен мұрнын киіммен жауып жүргендерге, сондай-ақ торлы материалдан немесе түтікті маска таққандарға да айыппұл салынады. Тек 14 жасқа толмаған, өз бетімен маска таға алмайтын немесе медициналық себептермен маскамен жүре алмайтындарға шара қолданбайды. Кореяда коронавирусқа қарсы вакцина әлі жасалған жоқ. Бірақ дәрігерлер COVID-19-дан өлім-жітімді азайтып, ен төменгі көреткіш 1,69% қол жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы