422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ халқы үй жағдайында коронавирусқа тексеріле алады

  • 70
АҚШ халқы үй жағдайында коронавирусқа тексеріле алады

АҚШ тұрғындары енді ешқайда шықпай-ақ үй жағдайында коронавирусқа тексеріле алады.

Билік COVID-19-ды анықтайтын тест жинағын өз бетінше қолдануға рұқсат берді. Негізі бұған дейін де америкалықтар үйде тексеріле алатын. Алайда алынған материал бәрібір зертханаға жіберіліп отырған. Ал мына тесттің ерекшелігі: оны үйде пайдаланып, нәтижесін ешқайда шықпай-ақ небәрі жарты сағат ішінде алуға болады. Тексеру мұрын қуысынан алынған жағынды негізінде жүргізіледі. Десе де шектеулер жоқ емес. Мәселен, оны тек жасы 14-тен асқан тұрғындар ғана қолдана алады. Және жинақты сатып алу үшін дәрігердің нұсқауы қажет. Тест құны 50 доллар шамасында.

АҚШ Азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмек сапасын санитарлық бақылау жөніндегі басқармасы:

– Азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмек сапасын санитарлық бақылау жөніндегі басқарма коронавирусты анықтауға арналған тест жинағын үйде қолдануға рұқсат берді. Осылайша тестердің қолжетімділігі мәселесінде айтарлықтай алға жылжу байқалады. Біз коронавирустың сын-қатерлеріне қарсы шапшаң әрекет етіп келеміз.

Қазір АҚШ-тың ірі қалаларында зертхана алдында ұзын-сонар кезек пайда болып жатыр. Өйткені әлемдік антирейтингте бірінші орында тұрған бұл елде індет өршіп тұр.

«Сондықтан үй жағдайындағы тексеру зертханаларға түсетін жүктемелерді азайтуға мүмкіндік береді», – дейді сарапшылар. Сондай-ақ мамандардың жұмысын жеңілдету, уақыт үнемдеу және артық жүріс-тұрысты қысқарту секілді тиімді тұстарын атап өтуге болады.

Хабар 24 телеарнасы