422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Токиода ең үлкен тәуліктік өсім тіркелді

  • 72
  • UPD: 09:14, 19.11.2020
Токиода ең үлкен тәуліктік өсім тіркелді Укринформ

Токиода коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші бойынша антирекорд орнады.

Мұнда бір күнде 493 адамнан коронавирус анықталған. Соңғы рет ең үлкен көрсеткіш 1 тамызда тіркелген еді. Ол кезде 472 адамның вирус жұқтырғаны расталған. Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты шаһарда қауіптіліктің ең жоғары деңгейі жарияланатын болды. Десе де әзірге локдаун енгізу жоспарда жоқ. Бірақ алдағы уақытта жергілікті тамақтану орындарының жұмыс уақыты қысқаруы мүмкін.

Юрико Коикэ, Токио қаласының мэрі:

– Ауруы асқынған науқастар қатарында қарт кісілер көп. Сондықтан оларды сақтыққа салғырт қарамауға шақырамыз. Қаланың түрлі аудандарында вирустың таралу қарқынын бақылап отырмыз. Осы статистика мен сарапшылардың пікірін ескере отырып алдағы уақытта тиісті шешімдер қабылдайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы