422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Брюссельде коменданттық сағат ұзартылады

  • 53
  • UPD: 08:25, 19.11.2020
Брюссельде коменданттық сағат ұзартылады

Брюссель билігі коменданттық сағатты желтоқсан айының ортасына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Еске сала кетсек, қазан айының соңында Брюссельде коронавирус жұққан адамдар санының күрт өсуіне байланысты сағат кешкі 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін тұрғындардың қозғалысына шектеу қойылған еді.

Брюссель қалалық аймағының басшысы Руди Вервурт коменданттық сағаттың 2020 жылғы 13 желтоқсанға дейін ұзартылатынын мәлімдеді.

Вервурттың айтуынша, Брюссельде пандемия статистикасы әлі де алаңдаушылық тудырып отыр.

Бельгияның Sciensano ғылыми орталығының мәліметінше, 18 қарашада Брюссель аймағында КОВИД-19 вирусын жұқтырудың 400-ден астам жаңа оқиғасы тіркелді. Бельгиялық Валлония да аймақтық коменданттық сағатты аталған күнге дейін ұзартқан.

brusselstimes.com

Хабар 24 телеарнасы