425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемнің тағы бір елінде коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелді

  • 95
  • UPD: 09:57, 19.11.2020
Әлемнің тағы бір елінде коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелді

Самоада коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы тіркелді.

Бұл туралы Samoa Observer хабарлады.

Елдің премьер-министрі Туилаэпа Саилеле Малиелегаои коронавирусты жұқтырған адамның Жаңа Зеландияның Окленд қаласынан Самоаға келген теңізші екенін айтты.

Ол міндетті карантинге жатқызылған және оның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен. Қазіргі уақытта науқас оқшауланып, ауруханада жатыр.

Айта кетсек, Тынық мұхиттағы Самоа мемлекеті коронавирус жұқтырғандар тіркелмеген елдердің бірі болған еді.

Хабар 24 телеарнасы