423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Канада коронавирус вакциналарының бір бөлігін кедей елдерге бермек

  • 68
  • UPD: 12:29, 19.11.2020
Канада коронавирус вакциналарының бір бөлігін кедей елдерге бермек

Канада билігі коронавирусқа қарсы вакцинаны кедей елдерге беруді қарастыруда. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Ол вакциналарды сатып алудың жаһандық алаңы болып табылатын халықаралық COVAX Facility қоры арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Сондай-ақ Канада билігі дозаның бір бөлігін гуманитарлық көмек ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арқылы таратуды жоспарлап отыр.

Айта кетсек, Канада әлем бойынша вакцинаның ең көп дозасын сатып алған. Ел үкіметі бұған дейін коронавирусқа қарсы вакцина жеткізу үшін AstraZeneca, Novavax, Johnson & Johnson, Pfizer, Moderna, Sanofi және GSK (GlaxoSmithKline) сияқты компаниялармен келісімшартқа отырған. Канада 300 млн-нан астам вакцина дозасына тапсырыс беріп қойды.

Хабар 24 телеарнасы