425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДДСҰ коронавирустың шарықтау шегіне жеткенін жоққа шығармады

  • 70
  • UPD: 15:09, 19.11.2020
ДДСҰ коронавирустың шарықтау шегіне жеткенін жоққа шығармады

Өткен аптада әлемде коронавирус жұқтырғандар санының төмендеуі пандемияның шарықтау шегіне жеткендігін көрсетуі мүмкін.

Мұндай пікірді ДДСҰ-ның Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович айтты.

«Жақсы жаңалық бар. Бірақ өткен аптада 14 күн бұрынғыға қарағанда коронавирус жұқтырғандар санының 10% азайғанын көрдік. Қазіргі уақытта коронавирус шарықтау шегінде тұрған болуы мүмкін. Бірақ статистиканы қарастыру керек, өйткені жағдай әр елде әртүрлі. Кейбір елдерде өршу үстінде, дегенмен жағдай тұрақталып келе жатыр деп айта аламыз», - деді ол.

ДДСҰ өкілі коронавирустың таралу эпицентрі Еуропа мен Солтүстік Америкада екенін айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы