425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда әкесі мен ұлын леопард талап тастады

  • 77
  • UPD: 16:53, 19.11.2020
Үндістанда әкесі мен ұлын леопард талап тастады Корреспондент.net

Үндістанның Махараштра штатындағы Аурангабад маңындағы Апеагон ауылында леопард фермер мен оның ұлын талас тастаған. Бұл туралы Yahoo News хабарлады.

Дүйсенбі, 16 қараша күні, 52 жастағы Ашок Ауте мен оның 27 жастағы ұлы Кришна Ауте фермаға жұмыс істеуге кеткен. Бірақ олар кешке үйіне оралмаған соң, туыстары жоғалғандарды іздестіріп, орман шаруашылығы департаментінің өкілдеріне де хабарлаған.  

Көп ұзамай фермада әкесі мен ұлының денелері табылған. Оларға леопард шабуылдағаны белгілі болды.

Орман шаруашылығы департаментінің өкілдері жыртқышты ұстап алу үшін осы жерге камералар мен торлар орнатуды ұйғарды. Зардап шеккендердің отбасы заңға сәйкес өтемақы алады.

Хабар 24 телеарнасы