423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Колумбия мен Гондураста «Йота» дауылынан 27 адам көз жұмған

  • 55
  • UPD: 18:44, 19.11.2020
Колумбия мен Гондураста «Йота» дауылынан 27 адам көз жұмған

Колумбия мен Гондурас дүлей дауылдан кейін енді ес жия бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жуырда аймақта бесінші категориялы «Йота» дауылы соққан болатын. Одан ең көп Провиденсия тұрғындары зардап шекті. Кейін жергілікті билік оларды Сан-Андрес аралына эвакуациялады. Өйткені табиғи апаттан Провиденсия архипелагындағы ғимараттар мен жолдардың 98 проценті бүлініп, тас-талқаны шыққан. Алдын ала есеп бойынша дауылдан 27 адам көз жұмыпты. Өз кезегінде Гондураста ауа райы қалпына келіп, құтқарушылар зардап шеккен елді мекендерге көмекке жетті. Осы уақытқа дейін 70 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген.

Хабар 24 телеарнасы