425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Йоркте мектептер жаппай жабылып жатыр

  • 72
  • UPD: 20:52, 19.11.2020

Нью-Йоркте вирус жұқтыру деректерінің артуына байланысты мемлекеттік мектептер жаппай жабыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп оқушылар қашықтан оқу форматына көшірілмек. Жалпы, соңғы апталарда АҚШ-тың бірқатар штатында қауіпті инфекцияны жұқтырғандар саны күрт көбейіп отыр. Өлім-жітім деректері де аз емес. Мәселен, сейсенбі күні ел бойынша 1707 адам бақилық болған. CNN телеарнасының мәліметінше, Америкада әр минут сайын коронавирустан 1 адам қайтыс болады екен.

Билл Де Блазио, Нью-Йорк қаласының мэрі:

– Өкінішке қарай, бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияны жұқтыру деректерінің орташа көрсеткіші – 3 процент. Осыған байланысты алдағы бірнеше күнге мектептерді жабуға мәжбүрміз. Мұндай шешімге ешкімге де риза емес.

Ал Францияда вирус жұқтырғандардың жалпы саны 2 миллионнан асты. Сондықтан болар, жергілікті азаматтар тест тапсыруға асығып жатыр. Мәселен, ел астанасы Парижде тұрғындар экспресс-тесттен өту үшін күн сайын ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр. Мәскеуге келер болсақ, мұнда коронавирус жұқтырған науқастар елдегі ең үлкен мұз айдыны сарайына жатқызыла бастады. Спорт нысаны түгел далалық госпиталь ретінде жабдықталыпты. Қазір онда 600-ден астам науқас ем қабылдап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы