422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оксфорд университеті коронавирусқа қарсы вакцина жайлы жақсы жаңалық жеткізді

  • 80
Оксфорд университеті коронавирусқа қарсы вакцина жайлы жақсы жаңалық жеткізді

Сынақ жұмыстары кезінде ғалымдар оң нәтижеге қол жеткізген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа дәрінің арқасында егде жастағы азаматтарда тұрақты иммундық жүйе қалыптасқан көрінеді. Астра Зэнека фармацевтикалық компаниясымен бірлесіп әзірленген препарат антидене мен Т жасушаларын түзеген. Қазір аталған дәрі клиникалық сынақ жұмыстарының үшінші сатысында. Дәл осы кезеңде вакцина қалың науқасты коронавирустан емдеуге қаншалықты қауқарлы екені белгілі болады.

Джесси Гудман, Джорджтаун университетінің профессоры:

– Өндірушілер алдын ала нәтижелерді жариялай бастады. Соған қарамастан, зерттеу жұмыстары жайлы толығырақ мәлімет күтіп отырмыз. Алдағы екі айда вакцина қолжетімді болса, пандемияны жеңу үшін қанша доза керек сұрақ туа бастайды.

Ал күні кеше америкалық Pfizer компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізудің үшінші кезеңі аяқталғанын хабарлады. Зерттеу қорытындысы бойынша немістің Байонтек компаниясымен бірлесе әзірленген жаңа дәрінің тиімділігі 95 процент болған. Сынақ кезінде екпе алған азаматтардан дәрінің жанама әсері байқалмаған. Енді ғалымдар жыл соңына дейін осы вакцинаның 50 миллион дозасын шығармақ. Ал келесі жылы бір миллиардтан астамын өндіруді жоспарлап отыр.

Угур Шахин, Biontech компаниясының бас директоры:

– Бәрі ойдағыдай болса, біз желтоқсан айының екінші жартысында Еуропа мен АҚШ-қа вакцина жеткізе бастаймыз. Мұны рождестволық сый деуге де болады. Қазір ең бастысы, бақылау органдарының мақұлдау мен рұқсаты керек болып тұр.

Логистикалық компаниялар вакциналық препараттарды тасымалдаудың қамына кірісе бастады. Өйткені дәрілердің басым бөлігі суықта сақталуы қажет. Мәселен, Pfizer вакцинасы минус 80 градуста, Модэрна минус 20-да сақталуы керек. Осындай қиындықтарға қарамастан, әуетасымалдаушы компаниялар бұл істі орындай алатындарына сенімді.

Беатрис Делпуч, AIR FRANCE-KLM компаниясының жүк тасымалдау менеджері:

– Жазда тұмауға қарсы вакциналарды оңтүстік жарты шарға тасымалдадық. Бұл біз үшін қалыпты нәрсе. COVID-19 вакциналарына үлкен үміт артылатыны анық. Сондықтан тауарларды бір жерден екінші жерге жеткізу үшін барынша көп ұшақ тартуға дайындалып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы