425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда туризм саласы €28 млрд шығынға ұшырады

  • 59
  • UPD: 08:39, 20.11.2020

Германия билігі шектеу шараларын алып тастауға әлі ерте деп ұйғарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал локдаунды желтоқсан айынның соңына дейін ұзартуы мүмкін. Бұл онсыз да коронавирус салдарынын зор шығынға батып отырған туризм саласын тығырыққа тірейтіні анық. Саяхатшы жоқ, іс тоқтап тұр. Мәселенің қалай және қашан шешілетіні де белгісіз.

Алда Рождество мейрамы мен жаңажылдық демалыстар жақындап келеді. Алайда немістер бұл мерекелерді үйінде өткізетін түрі бар. Өйткені ел билігі локдаунды желтоқсан айының аяғына дейін ұзартуға ниетті. Мейманханаларға саяхатшыларды қабылдауға тыйым салынды. Ұшқыштар, аспаздар, турагенттер мен көлік жүргізушілері, яғни туризм саласына қатысы бар мамандық иелері қиын жағдайда қалып отыр.

Йенс Вольторф, компания жетекшісі:

– Әуежайдан қалаға және кері бағытта жолаушыларды тасымалдап, күнімізді көретінбіз. Бұл табымысыздың 80%-і. Бірақ қазір бәрі мүлдем өзгерді. Сәуір айынан бастап рейстер саны қысқарды. Әдеттегі табысымыздың тек 1%-ін ғана тапқан айлар да болған.

Биылғы жыл кәсіпкерлердің көбіне ауыр тиді. Коронавирус пандемиясының кесірінен Германиядағы әрбір оныншы фирма құрылымын өзгертетін болды. Дағдарыстың ең ауыр зардабын тартқан салалардың бірі – туризм. Олардың табысы 80%-ке азайды. Алғашқы мәліметтер бойынша турфирмалар жалпы сомасы 28 млрд еуро шығынға ұшыраған.

Штеффани, турфирма директоры:

Өзімнің турфирмам бар. Саяхатшыларды түрлі елге, оның арасында Қазақстанға да саяхатқа жіберетінмін. Локдаунның кесірінен жұмысымыз тұралап қалды. Енді зейнетке қалдырған қаражатымызды жұмсауға мәжбүрміз. Туризм саласында өзім 8 жыл, ал әріптесім өмір бойы істеп келеді. Менің ойымша, билік жұмыс істеуімізге мүмкіндік беретін белгілі бір қауіпсіздік шараларын айқындап беруі қажет еді.

Локдаунға байланысты Германияда 13 мың турфирма жұмысын тоқтатып отыр. Десе де олар індетпен күреске өз үлесін қосқысы келеді. Мәселен, Ганновер қаласындағы және елдің батыс өңіріндегі туроператорлар науқастармен байланыста болған адамдарды бақылауға тегін көмектесуге ниет білдірген.

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Хабар 24 телеарнасы