424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда онлайн сауда қызметі қызу жүріп жатыр

  • 37
  • UPD: 08:44, 20.11.2020

Биыл Қытайдың пошта қызметтері 80 млрд-тан аса сәлемдемені діттеген жеріне жеткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік пошта басқармасы осындай болжам жасап отыр. Өйткені пандемияға байланысты ел тұрғындары онлайн-сауданы жиі қолданатын болған. Сәйкесінше тауарларды жеткізетін қызметтердің де жұмысы көбейді.

Интернет арқылы тапсырыс беріп, сатып алған тауарларды осындай көліктермен жеткізеді. Шамамен үш-төрт күнде келеді. Дүкен жақын жерде болса, одан да тез жеткізеді. Жылдамдық курьерлік компанияға да байланысты. Қытайда осындай кәсіппен айналысатын фирма көп. Індетке байланысты олардың жұмысы қазір қауырт. 

– Күніне 12 сағаттан астам жұмыс істеймін.

– Бойдақтар күнінде 3 мың доллардан аса ақша таптым.

Қарашаның 1 мен 11 аралығында 4 млрд сәлемдеме жеткізілген. Тапсырыстың көбеюі Бойдақтар мерекесіне байланысты болыпты. Қытайда он бірінші айдың он бірі күні отау құрмаған адамдарға сыйлық жасау дәстүрі бар. Осы күнге орай көптеген компания өз тауарларына жеңілдіктер жасайды. Сондықтан халық осы мүмкіндікті пайдаланады. Тапсырыс көп болғандықтан, курьерлік компаниялар қосымша 400 мыңдай адамды жалдаған екен. 

Ван Юйчэн, курьерлік компанияның қызметкері:

– Жыл сайын Бойдақтар күні және жеңілдіктер арқылы сатылымдар кезінде кеңсемізде жұмыс істейтін қызметкерлер сәлемдемелерді сұрыптауға көмектеседі. Осы логистикалық орталықта күніне 800 мыңдай сәлемдемені өңдеуге болады. Біз оларды сұрыптайтын автоматтандырылған жүйені енгіздік. Сондықтан қызметкерлеріміз машиналардың жұмысын бақылайды. Бұдан еңбегіміздің тиімділігі артады.

Алда әлі талай мереке мен жеңілдік жасайтын күндер бар. Сондықтан курьерлік қызметтер алдын ала дайындық жасап жатыр.

Авторлары: Ботагөз Сырғабаева, Айгерім Сүлейменова

Хабар 24 телеарнасы