420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДДСҰ: Локдаунсыз Еуропаға мүмкіндік бар

  • 86
ДДСҰ: Локдаунсыз Еуропаға мүмкіндік бар

Жаңадан локдаун жариялап, мектептерді жабу коронавируспен күресте тиімді шара емес.

Бұл – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық бюросының директоры Ханс Клугенің пікірі. Клугеннің айтуынша, соңғы аптада Еуроодақ елдерінде 29 мыңнан астам адам инфекцияның құрбаны болған. Соған қарамастан бастауыш мектептерді жауып тастаудың еш қажеті жоқ. Бюро директоры оқушылардың бұрынғыша оқи беруіне болады деп санайды. «Өйткені балалар мен жасөспірімдер мектептерде коронавирус таратпайды», – деді. Тіпті локдауннан бас тартуға болады дегенді де алға тартыпты.

Ханс Клуге, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропадағы аймақтық бюросының директоры:

– Локдауннан да басқа амал бар. Оны шарасыз қалған жағдайда енгізу керек деп ойлаймын. Ал маска тағу панацея емес, оны басқа шаралармен бірге қолдану керек. Дей тұрғанмен, бетперде кию көрсеткіші 95% болса, локдаунның қажеттілігі де болмайды.

Хабар 24 телеарнасы