425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуроодақ карантин талаптарын біртіндеп жеңілдетуді ұсынады

  • 69
  • UPD: 09:31, 20.11.2020
Еуроодақ карантин талаптарын біртіндеп жеңілдетуді ұсынады

Еуропалық одақ індеттің келесі толқынын болдырмау үшін карантиннің шектеу шараларын біртіндеп жеңілдетуі керек.

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен осындай пікірде. Оның айтуынша, Еуроодақ елдері пандемияның салдарынан рецессияға ұшырауда.

Ал Францияның денсаулық сақтау министрі Оливье Веранның пікірінше, коронавирус пандемиясы ел тұрғындарының психикалық жағдайына кері әсерін тигізуде. Мәселен, соңғы кездері депрессияға ұшырағандардың қатары артып барады. Мұндай жағдайға көбінесе әлеуметтік жағдайы төмен және жұмыссыз қалған жастар ұшырап жатады.

Хабар 24 телеарнасы