423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дональд Трамп сайлау қорытындысымен келіспейді

  • 80
Дональд Трамп сайлау қорытындысымен келіспейді

АҚШ президенті Дональ Трамптың сайлау штабы Висконсин штатындағы сайлау қорытындысын қайта санап шығу үшін 3 млн доллар бөлді.

Бұл аймақта демократ Джо Байден 20 мың дауыс басымдықпен жеңіске жеткен болатын. Алайда қорытынды ресми түрде әлі жарияланған жоқ. Штат билігінің айтуынша, сайлаушылардың дауысын қайта санау жұмысына шамамен 2 аптадай уақыт кетпек.

Штат заңы бойынша үміткерлер жинаған дауыстардың арасындағы айырмашылық 1% кем болса, Трамп сайлау қорытындысын қайта қарап шығуын талап етуге құқылы. Шара Милуоки мен Дейн округтерінде ғана ұйымдастырылады. Трамп штабының пікірінше, дәл осы өңірлерде заңбұзушылық жиі тіркелген.

Ал сайлауда ең көп дауыс жинаған Джо Байден Трамптың бұл әрекетін жауапсыздық деп бағалап отыр. Сонымен қатар саясаткер саяси дода қорытындысының ұзаққа созылуы елдегі пандемиямен күрес жұмыстарына кері әсерін тигізуі мүмкін дейді.

Джо Байден, АҚШ-тың сайланған президенті:

– Жауапкершілік деген болуы керек қой. Енді кері әрекеттің куәсі болып отырмыз. Ол ел таңдауына, тіпті демократияға күмән келтірмек. Сауалнама қорытындысы бойынша да, сайлау нәтижесі бойынша да электораттың басым көпшілігі бізге дауыс берді, ендігісі – артық әңгіме.

Хабар 24 телеарнасы