422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияда құс тұмауына байланысты 845 мың тауықтың көзі жойылады

  • 53
  • UPD: 10:15, 20.11.2020
Жапонияда құс тұмауына байланысты 845 мың тауықтың көзі жойылады Meatinfo.ru

Жапонияның Кагава префектурасындағы Сикоку аралында құс тұмауының екі ошағы анықталды.

Енді осыған байланысты билік 845 мың тауықты жою туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Kyodo хабарлады.

Бейсенбі күні сараптама қорытындылары екі фермадағы тауықтардың тұмау жұқтырғанын растады.

Жалпы есепте 845 мың қанаттының көзі жойылады.

Алғашқы жағдай қарашаның басында Митое шаһарындағы құс фабрикасында тіркелген. Ол кезде 330 мың құс жойылған болатын.

Ал Данияда коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі толығымен жойылды.

Хабар 24 телеарнасы