422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирустың тағы бір салдары анықталды

  • 92
  • UPD: 10:49, 20.11.2020
Коронавирустың тағы бір салдары анықталды

Коронавируспен ауырған кейбір науқастар тістерінің түсе бастағанына шағымданған. Бұл туралы Huffington Post хабарлады.

Биолог Уильям Лидің айтуынша, вирусты жұқтырған адамдардың тістерінің нашарлауы қан айналымымен байланысты болуы мүмкін, өйткені инфекция қан тамырларына әсер етеді. Коронавирустың қан тамырларын зақымдауы уақыт өте келе тіске қатысты проблемаларды тудыруы мүмкін екендігін айтып өтті.

Сондай-ақ COVID-19 ауыз қуысында болатын ACE2 рецепторларына әсер етеді.

Сарапшылар коронавирустық инфекция мен тістердің арасындағы байланыс туралы қорытынды жасамас бұрын зерттеу жүргізу қажет деп санайды.

Хабар 24 телеарнасы