427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенегалда 100-ден астам адам белгісіз ауру жұқтырды – БАҚ

  • 186
  • UPD: 12:11, 20.11.2020
Сенегалда 100-ден астам адам белгісіз ауру жұқтырды – БАҚ

Сенегалдың батысында 100-ден астам балықшы белгісіз ауруға шалдықты.

Науқастарға қабыршақ түріндегі тері бөртпелері шыққан. Қазіргі уақытта олар ауруханаға жатқызылды, деп жазды Dacar Actu.

Ауру ошағы Дакарға жақын орналасқан Рюфиск пен Мбур қалалары арасында орналасқан.

Сарапшылар белгісіз ауру ашық теңізден тараған деп санайды, өйткені балықшылар ғана жұқтырған.

Хабар 24 телеарнасы