425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Валлония аймағы мен Брюссельде коменданттық сағат мерзімі ұзартылды

  • 75
  • UPD: 13:51, 20.11.2020
Валлония аймағы мен Брюссельде коменданттық сағат мерзімі ұзартылды

Бельгияда коронавирусқа шалдыққан жаңа науқастардың саны азайса да, Валлония маңы мен Брюссельде енгізілген коменданттық сағаттың мерзімі тағы 1 айға ұзартылды.

Бұған дейін аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты жергілікті билік түнгі сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін қозғалысты шектеген болатын. Шектеу шаралары қарашаның 19-ына дейін күшінде еді. Айта кетейік, соңғы 7 күн бойы орта есеппен тәулігіне 400 адам вирус жұқтырған. Ал пандемия басталғалы індеттің ілмегіне іліккендердің қатары 545 мыңға жуықтады, 15 мыңнан астам адам коронавирустан көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы