420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бразилияда коронавирусқа қарсы вакцина жеткізілді

  • 124
Бразилияда коронавирусқа қарсы вакцина жеткізілді

Қытайлық Sinovac компаниясы өндірген вакцинаның алғашқы 120 мың дозасы Бразилияға жеткізілді.

Препарат әзірше қоймада сақталады. Оның қолданылуына жергілікті билік рұқсат беруін керек. Келісімшартқа сәйкес алдыңғы уақытта Сан-Паулу тағы 6 млн доза вакцина алуы керек. Айта кетейік, екпе зерттеудің үшінші фазасында. Қазір дәрі Индонезия мен Түркияда да сыналып жатыр. 

Жоау Дориа, Сан-Паулу қ. губернаторы:

– Бұл – миллиондаған бразилиялықтың өмірін аман алып қалатын вакциналардың бірі. Препараттың алғашқы партиясы келді. Желтоқсан айының соңында тағы 6 млн-ға жуық доза жетеді. Ал қаңтарда 46 млн, кейін тағы 100 млн доза сатып алмақпыз.

Ал Венгрия Еуроодақ елдері арасында Ресейлік «Спутник V» вакцинасын сатып алған алғаш ел. Дәрі алдымен еуропалық медицина агенттігінде сертификаттаудан өту керек. Елдің сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Венгрияға «Спутник V-дің» 10 үлгісі жеткізілді. Қазір олар зерханалық тестілеуден өтуде.

Хабар 24 телеарнасы