425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістандағы зауытта жарылыс болып, бес адам қаза тапты

  • 60
  • UPD: 15:05, 20.11.2020
Үндістандағы зауытта жарылыс болып, бес адам қаза тапты

Үндістанның Батыс Бенгалия штатында пластик бұйымдарын шығаратын зауытта жарылыс болды.

Кем дегенде бес адам қаза тапты, деп жазды Синьхуа.

Жарылыс Суджапур аймағында Калькуттадан солтүстікке қарай 337 шақырым жерде болған.

«Бүгін таңертең зауытта жарылыс болып, жойқын өрт пайда болды. Жарылыс салдарынан бес адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды», - деді полиция қызметкері.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Жарылыс себептерін анықтау үшін тексеріс жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы