424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда КВИ жұққан адам саны тоғыз миллионнан асты

  • 49
  • UPD: 16:48, 20.11.2020
Үндістанда КВИ жұққан адам саны тоғыз миллионнан асты

Үндістанда соңғы бір күнде 45 мыңнан астам адам вирусты жұқтырып, індет таралғалы дертке шалдыққандардың саны 9 миллионнан асты.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, індет Нью-Дели қаласында өршіп тұр. Қалған аймақтарда вирусты жұқтыру дерегі біршама бәсеңдеген. Нью-Делиде соңғы бір тәулікте 7 жарым мыңнан астам адамнан вирус анықталған. Науқастар санының артуына байланысты шаһардағы интенсивті терапия бөлімі 90 процентке толған. Билік індетті бақылауға алу үшін шағын той-жиындарды өткізуге шектеу қойып, маскасыз жүргені үшін айыппұлды өсірді.

Арвинд Кеджривал, Делидің бас министрі:

- Кей кездері адамдар шектеулерге немқұрайлы қарайды. Сондықтан бетперде тақпай, тәртіп бұзғандарға айыппұлды қатаңдатуды шештік. Оның көлемі 500 рупийден 2000 рупийге дейін көтеріледі.

Хабар 24 телеарнасы