420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы жарты жылда коронавирусқа қатысты жағымсыз жаңалықтар болады – Билл Гейтс

  • 83
  • UPD: 17:27, 20.11.2020
Алдағы жарты жылда коронавирусқа қатысты жағымсыз жаңалықтар болады – Билл Гейтс

Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс алдағы жарты жылда коронавирус туралы жағымсыз жаңалықтар болатынын айтты.

Бұл туралы Daily Beast хабарлады.

«Қыста, салқын кезде вирус тез көбейеді. Көп уақытымызды үйде өткіземіз, сондықтан бұл жақсы емес. Сонымен қатар белгілі бір күйзеліс басталады: адамдардың достарынан алыс болуы сияқты нәрселер», - деді Гейтс.

Кәсіпкер алдағы алты-сегіз ай ішінде жаңалықтардың негізінен жағымсыз болатынына сенім білдірді.

Оның айтуынша, осыдан кейін вакцина өндірісінің көлемі артады.

Хабар 24 телеарнасы