422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Угандада толқулар кезінде қаза тапқандар саны артты

  • 55
  • UPD: 17:54, 20.11.2020
Угандада толқулар кезінде қаза тапқандар саны артты

Угандада оппозициялық партия үміткерін тұтқындаған соң басталған толқулар кезінде қаза тапқандардың саны 16-ға жетті.

50-ге жуық адам түрлі жарақат алған. Елде тәртіпсіздіктер әлі жалғасуда.

Еске сала кетейік, өткен сәрсенбі күні полиция Бобби Вайн есімімен танымал музыкант, 38 жастағы оппозиционер Роберт Куагулануйды қамады. Оған президенттік сайлауалды науқанын жүргізу барысында карантин шектеулерін бұзды деген айып тағылып отыр. Бірақ ақпарат құралдары тұтқындау оппозиционердің билікті өткір сынға алып, жастардың қолдауына ие болуымен байланыстыруда. Ал дода келер жылдың 14 қаңтарына белгіленген. Сайлауға ел президенті Йовери Кагута Мусевенимен бірге 10 адам тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы