424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда жол апатынан он төрт адам қаза тапты

  • 52
  • UPD: 23:04, 20.11.2020
Үндістанда жол апатынан он төрт адам қаза тапты

Уттар-Прадеш штатында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан 14 адам қаза тапты.

Көз жұмғандар арасында алты бала бар.

Ақпаратқа сәйкес, жол апаты Пратапгарх қаласында болған. Мұнда жол талғамайтын көлік тас жолда тоқтап тұрған жүк көлікке соғылған.

Полиция мәліметінше, көліктегілер көрші ауылдағы үйлену тойынан қайтып келе жатқан. Жол талғамайтын көліктегі жолаушылардың барлығы көз жұмды. 

Hindustan Times

Хабар 24 телеарнасы