422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австралияда карантин белгіленген уақыттан ерте алынбақ

  • 57
  • UPD: 09:15, 21.11.2020
Австралияда карантин белгіленген уақыттан ерте алынбақ

Оңтүстік Австралия штатында бірер күн бұрын енгізілген қатаң карантин ерте алынатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі шектеу қате ақпар негізінде енгізілген. Оқиғаны тексеру кезінде науқастың вирусты дәмханаға барып жұқтырдым дегені өтірік болып шыққан. Ол осы тамақтану орнында қызметкер болған. Осыған байланысты билік шектеуді ерте алып тастауды шешті.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Австралия штатында өткен сәрсенбі күні ондаған адамның вирусты жұқтырғаны анықталып, аймақта 6 күнге қатаң карантин енгізілген еді. 

Хабар 24 телеарнасы