423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда коронавирусты жұқтырудың жаңа деректері тіркелді

  • 65
  • UPD: 09:41, 21.11.2020

Қытайдың Тяньц-зинь қаласында коронавирусты жұқтыру деректері тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Науқастар бірінші рет тест тапсырғанда олардың ағзасында вирус белгілері болған жоқ еді. Тек екінші тексеруде ғана анықталды. Осыған байланысты шаһардағы аудандардың бірі қауіпті аймақ деп жарияланды. Соңғы кезде елде коронавирусты жұқтыру жиілеп кетті. 

Қытайда коронавирусты жұқтырудың жаңа деректері тіркелді. Науқастармен жақын қатынаста болған адамдар оқшауландырылып, тексеруден өтіп жатыр. Дәрігерлер дерт қалай жұққанын анықтауға кірісті. Мамандардың айтуынша, күн сайын вирусты шетелден әкеліп жатқандар бар. Осыған байланысты үкімет шекарадағы бақылауды күшейтті.

Инь Чэнцзи, ҚХР иммиграция жөніндегі мемлекеттік басқарма басшысының орынбасары:

– 46 айлақ пен 66 өткелді жауып, Қытай аумағына заңсыз өтуге жол бермеу үшін күзетті күшейттік. Елімізде тұруға рұқсаты мен визалары бар шетелдіктердің келуіне салынған уақытша тыйым мерзімі ұзартылды.

Ал елге келуге рұқсаты бар адамдарға талаптар күшейтілді. Енді олар мерзімі 48 сағаттан аспайтын екі тест тапсырулары тиіс. Біреуі ПТР-тест, ал екіншісі антиденелерге сараптама.

Ван Гуйцян, жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі:

– Бұл шараны қабылдауға мәжбүр болдық. Негізінен ПТР-тест тапсырулары тиіс, ал антиденелерге сараптама қосымша тексеру болып саналады. Өйткені ПТР-тестілеудің қате нәтижелер беретін белгілі бір проценті бар. Билік шараларды жеңілдетпей отыр. Ауру жұқтырудың бір дерегі тіркелгенде, бірден жергілікті халықты жаппай тексере бастаймыз. 

Қытайда шетелден ауруды жұқтырып келген үш мың алты жүздей адам анықталды. Қазан айынан бері бұл көрсеткіш артып келеді. Ел ішінде де бірең-сараң адам ауруды жұқтырған екен. Сондықтан билік маска тағу, қол жуу және әлеуметтік арақашықтықты сақтауды жалғастыра беруді талап етіп отыр.

Авторлары: Ботагөз Сырғабаева, Айгерім Сүлейменова

Хабар 24 телеарнасы