420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-тың Ваватоза қаласында орналасқан сауда орталығында атыс болды

  • 79
  • UPD: 11:14, 21.11.2020
АҚШ-тың Ваватоза қаласында орналасқан сауда орталығында атыс болды Euronews

Оқтан 8 адамның зардап шеккені туралы хабарланды.

Дей тұрғанмен, жергілікті полиция жарақат алғандардың нақты санын әлі айтқан жоқ. Кімнің тәртіп бұзғаны да белгісіз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір оқиға орнында ондаған қауіпсіздік қызметкері жұмыс істеп жатыр. Олар шабуыл жасаған азаматты іздеп, жағдайдың мән-жайын анықтауда.

Барри Вебер, полиция басшысы:

- Оқиға орнына келіп жеткенімізде, шабуылшы ізін суытып үлгерген. Жарақат алған 7 азамат пен бір жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Олардың жарақаты қаншалықты ауыр екені әзірге белгісіз. Білуімше, ешкім көз жұмған жоқ.

Айта кетейік, ақпан айында ғана дәл сол сауда орталығында жергілікті полицей 17 жастағы қара нәсілді жасөспірімді атып өлтірген еді. Осы оқиғаға байланысты прокурор тәртіп сақшысына айып тағудан бас тартқан болатын. Кейін қалада тәртіп сақшыларының қатыгездігі мен нәсілшілдікке қарсы наразылықтар басталды.

Хабар 24 телеарнасы